Еліміздің екі облысында орташа жалақы 500 мың теңгеден аса көтерілген
Бірінші несие бюросының (ПКБ) сарапшылары зерттеу жүргізіп, Қазақстан аймақтарындағы орташа жалақы құнын анықтады. Деректерге сай Атырау және Маңғыстау облыстарында жалақы 500 мың теңгеден аса көтерілген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Lada порталына сілтеме жасап.
Зерттеуге сәйкес, Қазақстанның бес өңірінде жалақы орташа республикалық деңгейден жоғарылаған. Мәселен Атырау мен Маңғыстау облыстарында – 509,8 мың теңге, Ұлытауда – 450,9 мың теңге, ал Астанада – 432,2 мың теңге болса, Алматыда – 390,3 мың теңге көрсеткішті береді.
Бір жылда республика бойынша орташа жалақы 55,2 мың теңгеге өсті. Тағы да айта кетейін, өсім тек бес облыста – Атырау, Маңғыстау (+93,6 мың), Шығыс Қазақстан (+60,3) облыстарында және Астана (+65,7) мен Алматы (+62,8) қалаларына республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Ал жалпы алғанда табыс көзі жоғары қалаларда жалақы да тез өсетіні белгілі болды. Ал жалақы төмен болған аймақтарда абсолютті өсім салыстырмалы түрде шамалы, — дейді зерттеу.
Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 241,1 мың теңге, Жетісуда – 246,2 мың, Жамбылда – 254,6 мың және Шымкентте – 254,2 мың теңге болды.
Бұған дейін «Атамекен» ҰКП-ның талдау қызметі Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрағанын хабарлаған болатын.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 19,3 пайызға артқан.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша қаржы және сақтандыру қызметі саласы көшбасшы болды – қызметкерлердің орташа айлық жалақысы орта есеппен 602 114 теңгені құрады.
Үздік үштікке сонымен қатар 541 мың теңге жалақы алатын ақпарат және коммуникация саласының қызметкерлері мен 474 мың теңге өнеркәсіп саласының қызметкерлері енді.
Ең төменгі орташа айлық жалақы 179 мың теңге алатын ауыл, орман және балық шаруашылығы мамандары.
Фото: ашық дереккөз