Мәдениет

Алмат Сақатов ішімдікке салынып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Танымал актер Алмат Сақатов рухани күйзеліске түсіп, ішімдікке салынып кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Актер бұл туралы «Базарlike» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеген.

«Бауыржан шоу» тарағаннан кейін менде рухани дағдарыс басталды. Бір кездері дүркіреп, бүкіл республиканы аузына қаратып жүрген театр тарады да кетті. Басқа барар жер де жоқ. «Шаншардың» өз жігіттері бар, «Тамашаның» ол кездегі деңгейі төмен еді. Тамада болып ақша таптым. Аптасын үш-төрт мың долларға үш-төрт тойға шығып жүрдім. Содан ішу басталды. Апталап үйге қонбай кеттім. Тойға барғанда бірінші көзім араққа түсетін. Бір тойда екі бөтелке ішіп кетемін, — деді актер.

Оқи отырыңыз: «Арыстанбек Мұхамедиұлы 5000 доллар сұрады»: Алмат Сақатов атақ ала алмай жүргеніне өкпелі (ВИДЕО)

Алмат Сақатов күйзелістен киноға шақырту алу алып, сүйікті ісімен айналысу арқылы шыққанын жасырмады.

Бір күні режиссер Жайна Әбдиева хабарласып, «Қара шаңырақ» атты сериал түсіріп жатқанын, сол жерден маған бір рөл беретінін айтты. Барсам, менің табиғатыма келеді екен. Сол кезден бері кино саласында келе жатырмын. Дағдарыстан да шықтым, — дейді актер.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button