Экономика

Елімізде пойыз билеттері қымбаттап кетті

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы бір жылда 27 пайызға көтерілген, – деп хабарлайды Qazaqinfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әсіресе, бағаның өсуін Шымкент тұрғындары сезген. Оңтүстік мегаполисте пойызбен жүру құны – шамамен 80 пайызға өскен.

Жетісу облысының тұрғындарына да теміржолмен саяхаттау тиімсіз болып тұр. Мұнда баға 47 пайызға өскен. Антирейтингтің үштігіне Қызылорда облысы кірген.

Елдің шығыс бөлігінде, Алматы мен Ақтөбе облыстарында билет бағасы аса көтерілмеген. Жалпы орташа есеппен алғанда плацкарт вагонымен республикалық қатынау 28 пайызға өскен, ал купемен жүру – 27,5 пайыз.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button