Қоғам

Ақтөбеде интернатта мүгедек балаларды ұрып-соққан

Ақтөбедегі №1 «Үміт» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиешілер балаларға қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Диапазон» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Орталықта психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар жатады. Олар 4 жастан 18 жасқа дейінгілер, жартысынан көбі ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Өткен жылдың мамыр айында мұнда балаларды ұрып-соғу фактілері анықталып, кінәлілер сотталды. Жақында мұндай жағдай тағы да қайталанды.

27 сәуірде Ақтөбе прокуратурасына осы орталықта жұмысшылар балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты прокуратура қызметкерлері осы мекемеге қорғаншылық және қамқоршылық органының, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен және медицина қызметкерлерімен бірге барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап шыққаннан кейін олар №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері балаларды ұрып-соққанын анықтады. ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша «азаптау» қылмыстық іс қозғалды, тергеумен Ақтөбе полиция басқармасы айналысады, — деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында орталық «Үміт» балалар үйінің бір бөлігі екенін айтты. Бүгінде 71 қызметкердің қамқорлығында 42 бала бар – 10 қыз, 32 ұл, оның 23-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Қызметкердің ішінде дәрігерлер, тәрбиешілер, мұғалімдер, 35 санитар бар.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button