Қоғам
Димаш Құдайберген Президентпен ұшақта түскен фотосын жариялады

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлады Qazaqinfo.kz.
Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік! — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетсек, Президент 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.
Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Фото: дереккөз