Украинада «Вагнер» жасағына қосылған қазақстандық 9 жылға сотталды
Ресейде «Вагнер» қатарына қосылған Қазақстан азаматы Украинада 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Донецк облысы Дружковка қаласының соты 23 жастағы қазақстандық Шыңғыс Сейпиевке жалдамалы әрекет жасады деген айыппен үкім шығарды.
Украина қауіпсіздік қызметі былтыр қазанда «Вагнер» өкілдері Сейпиевке Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін ресейлік жеке компанияға қосылуды ұсынғанын хабарлады. Келісімшарт бойынша оған 200 мың рубль (шамамен 1,1 миллион теңге) және соттылығының күші жойылды деп уәде етілген.
Тергеу барысында Сейпиев өз кінәсін мойындап, Украина прокуратурасымен ынтымақтастықта болғаны атап өтілген. Келісім бойынша айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініп, басқа да қылмыстарды ашуда ынтымақтасқан. Өз кезегінде ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған.
Tengrinews.kz тілшісі осы іске қатысты пікір алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Фото: дереккөз