Қоғам

Мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермеуі мүмкін

Мемлекеттік күзет қызметі енді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермеуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы талқылауға шығарылған Президент Жарлығы жобасында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жататын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Ереженің қолданыстағы редакциясында МКҚ заңнамада белгіленген құзырет шегінде Президенттің, Тұңғыш Президент — Елбасының, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асырады деп жазылған.

Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін

МКҚ жаңа редакциясында Заңда белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын» орган ретінде жазылған.

Жобаны қоғамдық талқылау 14 маусымға дейін жалғасады.

Фото: Sputnik Беларусь

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button