Қоғам

Қазақстанда ауыл мектептері күрт азайып кетті

Елімізде ауыл мектептері азайып жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет келтірді.

Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада, қалған 68,4% ауылдық жерлерде орналасқан.

Осы ретте қалалардағы мектептер саны жыл сайын артып келеді. 10 жыл ішінде олардың саны 1891-ден 2427 бірлікке дейін өскен. Ал ауылдардағы білім беру мектептерінің саны, керісінше, 5 830-дан 5 260-қа дейін азайған, – делінген хабарламада.

2023 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 2,9 мың оқушыға арналған 9 мектеп пайдалануға берілген.

Фото: turkystan.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button