«Арапқұл байғұс»: Хиджаб киген оқушыны сыныптастары соңғы қоңырауға қатыстырмай қойған
Әлеуметтік желіде хиджаб киетін мектеп түлегін соңғы қоңырау кешіне сыныптастары қатыстырмай қойған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Менің сыныптастарым осылай қатысып жатыр. Ал мені… Сөйлей алмай тұрмын қазір. Мені қатыстырған жоқ. Неге қатыстырған жоқ? Себебі, мен хиджабтамын. Хиджабпен шықпайсың деп тұрып алды. Мен қатыса алмадым. Енді мен тек соңында, тек суретке түсетін кезде шығамын. Ал былай тұра алмаймын қастарында, — деп уәж айтты хиджабтағы оқушы.
Оқи отырыңыз: «Діннен хабары жоқ!»: Хиджаб киген блогер Динара Сәтжанға шүйлікті
Видеодан хиджаптағы қыздың мерекелік іс-шараның қалай өтіп жатқанын мектеп терезесінен бақылап тұрғанын байқауға болады. Ал қыздың сыныптастарының жасаған іс-әрекетіне әлеуметтік желі оқырмандары:
«Форманың да тәртіп ережесі бар. Сол ережеге бағыну керек», «Бір күнге орамалды шешуге болатын шығар», «Мектептің дресс коды бар, ал сенікі сәйкес келмейді. Өзіңді кінәла», «Бір күнге шешкенге өліп қалмайсың, обалың өзіңе», «Ерінді, бетті бояған оңай болғанда, хиджабты шешкен қиын болды ма?», «Сыныптастарың дұрыс жасапты», «Макияжды қатырыпсың, қызым. Бүркенген адамға не керек ол?», «Қыз орамалды күйеуге тигесін тартқан», «Арапқұл байғұс», — деп жарыса пікір жазып жатыр.
Фото: дереккөз