Шоу-бизнес
Байзақова Парижде бақа жеп көрді
Атышулы блогер Айжан Байзақова күйеуімен бірге Парижде саяхаттап жүр, деп жазады Qazaqinfo.kz.
Онда ол бақа мен ұлу жеп көрген.
Біз қазір Париж қаласындамыз. Мұнда келген соң міндетті түрде ұлу мен бақаны жеп көруіміз керек. Одан бөлек устрицаға тапсырыс бердік. Себебі мен өмірімде устрица жеп көрмеппін. Бірақ ұлу мен бақаны жеуге болмайды екен, себебі олар арам. Устрицаның иісі өте жағымсыз, мен жейтін нәрсе емес. Устрицамен салыстырғанда ұлу тәуірлеу екен. Бірақ бір кездері жерде жыбырлап жүргені есіме түсіп кетті. Ал мен жыбырлаған жәндіктерді ұнатпаймын. Ал бұл бақаның аяқтары. Тауық етінен еш айырмашылығы жоқ, – деді Айжан Байзақова.
Фото: видеодан скриншот