Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас 35 жасқа толды: Жұлдыз Әбдікәрімова туған күн кешіне неге келмеді?

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 35 жасқа толды. Халықтың сүйікті әншісі әдеттегідей туған күнін дүркіретіп атап өткен. Мерекелік кеште әншінің жанұясы, танымал жұлдыздар, белгілі блогерлер болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қайрат Нұртас 35 жасын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті. Өнер иесі туған күнінде барша жақындарының басып қосып, оларға үлкен дастархан жайған. Әншіні жеке құттықтап келген жұлдыздар арасында Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Әмре, Назима Жәнібекова, Мирас Жүгінісов, Жансерік Қадырбаев, NNN, Айнұр Асанберді болды. Қайрат Нұртастың туған күні өнер жұлдыздарының концертіне айналды. Жиналған көпшілік әртіске ақ тілегін жолдап қана қоймай, барша қонақтарға өнерін паш етті.

Сонымен қатар өнер иесінің жеке мерекесінде отбасынан оның анасы мен інісі Заңғар ғана болды. Әншінің өз келіншегі мен балалары бұл кеште бой көрсетпеді. Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күйеуін туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдаған.

Фото: www.instagram.com/kair_n

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button