Қоғам

Астанада шенеунік 20 миллион теңге пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Антикор-ға сілтеме жасап.

Бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінген.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы былтыр желтоқсанда квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда отыр, – дейді ведомство.

Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button