Аймақ

Ақтөбе тұрғындары түтінге тұншығып отыр

Ақтөбенің халқы екінші маусымнан бері екі иіннен әрең демалып жүр. Оған – қаладағы қатты-тұрмыстық қалдықтардың жануы себеп, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

 Inbusiness.kz сайтының жазуынша, қаланың іргесіндегі қоқыс полигонында өрт 2 маусымда басталған. Қызыл жалынды дереу сөндіргенімен, оның салдарымен күрес әлі жалғасып жатыр.
Қалың түтін қаланы тұтас басып қалды. Әсіресе, қаланың Шанхай, Батыс-2, 8 шағыр аудандарындағы тұрғындарға оңай соқпады. Олар  есік-терезені қымтап отыруға мәжбүр болғандарын айтауда.

Қатты  тұрмыс қалдықтары полигоны 2007 жылдан бері жұмыс жасайды.  Нысанның өртенуі – бірінші рет болып отырған жоқ. 2015 жылы да қызыл жалынға оранған еді. Былтыр  15 рет  өрт болса, биылдың өзінде 7 дерек  тіркелді.

Қазір 42 гектар аумақтың бетін биіктігі 60 см топырақпен жабу жұмыстары басталады. Бұл қоқыстың жануы мен тұтануы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Қатты-тұрмыстық қалдықтар 18 гектар аумақты қамтитын жаңа полигонда қабылданады, — деп мәлімдеді  Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айдос Хамиев.

Полигонда өрт сөндіру жұмыстарына  25 адам жұмылдырылған. Одан бөлек, 12 арнайы техника жүр.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button