Қоғам

“Жігітпен жүру” деген ұнамайды»: Тазабеков қазақ қыздары мен еуропалық қыздарды салыстырды

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек еуропалық, славян халқының қыздары мен қазақ қыздарының өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне тоқталып, оларды салыстырды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Осы еуропалық, славян халқының қыздары мен қазақ қыздарын салыстырсаң қазақ қызының тәрбиесінде, үлкенді сыйлау, біреумен дос болсаң соған өміріңді арнау деген сияқты қағидалар бар. Бірақ маған ұнамайтын “жігітпен жүру” деген кезең бар. Сол кезде көп қыздар көп нәрсені, өткізіп жіберіп, тереңге кіріп кетеді. Соның ішінде жігітіне қарыз алып беріп, жан-жақтан іздеп, ақша тауып беріп жатады. Жігітке тұрмысқа шықпай жатып өзінің санасын шаршатып, жан дүниесін ауыртып, жігітпен бірге өмір сүріп жатқандай болады. Негізі қызға ондай жауапкершілік жүктелмеген. Қыз бала – әке-шешесінің еркесі. Ол бір жігітке ұзатылмас бұрын мойнында үлкен жауапкершілік болуы шарт емес. Сондықтан қыз бала өзіне көп алып, өзін шаршатып, сосын құтыла алмайтын тұзаққа басын сұғып, одан шыға алмай жүрудің еш қажеті жоқ. Еркек адамның нәпсісі бар. Қыз бала некесі қиылмай тұрып иіліп төсек, жайылып жастық болатын болса кез келген еркек оны пайдаланады. Оның артында жауапкершілік бар ма, жоқ па ол – үлкен мәселе, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button