Денсаулық

Арықтау үшін суды қалай ішкен дұрыс?

Жапон мәдениетінде су маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі медицинаның өзі суды ұйқыдан тұрған бойда ішуді ұсынады: қаншалықты ерте болса, соншалықты жақсы. Оның қандай пайдасы бар? Төмендегі материалдан оқи аласыздар, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Жапониялық су терапиясы – негізгі принциптер

Суды ұйқыдан тұрған бойда ішіңіз. Бір стақаннан бастаңыз, содан соң біртіндеп көбейтіңіз;
Бөлме температурасындағы немесе жылы су ішкен дұрыс. Оған аздап лимон шырынын қосуға болады;
Су ішкеннен кейін 45 минут бойы ештеңе жемеңіз және ештеңе ішпеңіз;
Әр тамақтану 15 минуттан артық уақытты алмау керек және одан кейін 2 сағат ештеңе ішпеу және жемеу керек.

Оның пайдасы қандай?

Бірінші кезекте, ол тоқтық сезімін сыйлайды, себебі су асқазанды толтырады. Сондай-ақ сіз одан кейін зиян тіскебасарлар жегіңіз келмей қалады. Жапониялық су терапиясы күйзелісті түсіруге, арықтауға, асқорыту жүйесін қатайтуға, күні бойы сергек жүруге, ішектер жұымысын жақсартуға және зат алмасуды қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Алайда суды өте көп ішу де денсаулыққа зиян. Сондықтан күнделікті су мөлшеріңізді көбейтпес бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.

Дереккөз: parents.ru

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button