Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға. Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді, — делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Фото: Sputnik

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button