Оқиға

Абай облысындағы алапат өрт: Тракторшы Сергей Архиповтың денесі табылды

Абай облысының полицейлері 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облыстық ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның ізін тапқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button