Оқиға

ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Глубоковксий ауданының тұрғындары қылмыс болғандығы туралы дабыл қаққан. Тұрғындардың айтуынша, күдікті кішкентай қызды күндіз қорлап, кейін Глубоковский ауданы Кожохово ауылының маңына жасырынбақ болған. Тұрғындар әлеуметтік желіде ақпарат тарата бастады. Сол сәттен бастап елді мекендердің кіреберісіне полиция патрульдері қойылды.

Ер адам қамауға алынып, қазіргі уақытта Уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамалар тағайындады, – деді ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ ПД өкілдері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Фото: Stan.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button