Өзбекстанда Президент сайлауы өтіп жатыр
Өзбекстанда Президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлауда парламенттік партиялар ұсынған төрт кандидат мемлекет басшысы лауазымына таласады. Ал Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы бұл жолы да Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасын ұсынды.
Халықтық-демократиялық партияның кандидаты Ұлықбек Иноятов болды. Ол «Олий» Мәжілісінің заң шығару палатасы спикерінің орынбасары қызметін атқарады. «Адолат» социал-демократиялық партиясы Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары Робах он Махмудованы ұсынды. Сонымен қатар Экологиялық партия Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына партияның Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Абдушукур Хамзаевтың кандидатурасын қолдады.
Сайлау бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін) өткізіледі.
Президент сайлауында барлығы 19,6 миллионға жуық тіркелген сайлаушылар дауыс бере алады. ОСК мәліметі бойынша, 28 маусымнан 1 шілдеге дейін мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын республиканың 376 623 азаматы пайдаланып үлгерген.
Сайлаудың өткізілуін қазіргі президент Шавкат Мирзияев күрделі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында шұғыл саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың қажеттілігімен түсіндірді. Ол тиісті Жарлыққа екі ай бұрын — 8 мамырда қол қойды.
Айта кетейік, 65 жастағы Мирзияев бірінші рет 2016 жылғы кезектен тыс сайлауда 88,6 пайыз дауыспен ел Президенті болып сайланды. 2021 жылдың қазан айында екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланып, 80,1 пайыз дауыс жинаған болатын.
Фото: дереккөз