Экономика

Санкцияға ұшыраған ресейлік банк қазақстандық банкке доллар аудармайтын болды

Ресейлік банк – «Тинькофф» Қазақстанның Freedom Finance банкіне доллар бойынша уақытша SWIFT-аударымдар жасамайды, бірақ аталған кредиттік ұйымға рубль, теңге және юань түріндегі ақша аударымдарын жүзеге асыруды жалғастыра береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Тинкофф» банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді.

Біз өз тұтынушыларымызға Freedom Finance қазақстандық банкіне доллар бойынша SWIFT-аударымдарды тоқтата тұратынымызды хабардар етіп жатырмыз. Шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл ретте рубль, теңге және юань түріндегі ақша аударымдары бойынша жұмыс жалғастырыла береді, – деп хабарлайды ТАСС банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін «Тинкофф» Freedom Finance банкіне валюталық аударымдар бойынша белгілі бір шектеулер енгізген, бір реттік ақша аударымының мөлшері 20 мың долларға дейін шектелді. 2023 жылдың ақпанында «Тинкофф» ЕО-ның санкциясына ұшырады.

Наурызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Ресей территориясында карталар сату туралы қауесеттерге түсініктеме берді. Ол кезде әлеуметтік желіде ресейлік банк – «Тинкофф» өз тұтынушыларына қазақстандық Freedom Bank-тің карталарын сатып жатыр деген ақпарат пайда болған еді.

Фото: AP

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button