Әлем
Поляк дәрігерлері Саакашвилидің денсаулығын тексеріп жатыр
Бір топ поляк дәрігері Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексеруге кірісті, деп хабарлайды altyn-orda.kz.
Бұл туралы 12 шілдеде Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді.
Біз достарды қиыншылықта қалдырмаймыз. Менің өтінішім бойынша Гуманитарлық және медициналық көмек көрсету тобының поляк дәрігерлері тобы Грузияда Президент Михаил Саакашвилиді кешенді медициналық тексеруден өткізуді бастады, — деп жазды Моравецки өзінің Twitter парақшасында.
Моравецки тексеру туралы басқа мәліметтерді бермеді.
Фото: arbat.media