Қоғам

«Еркекті төмен қарай езіп жібереміз бе?»: Мұхамеджан Тазабек табысы күйеуінен көп әйелдерге не істеу керегін айтты

Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек күйеуінен қарағанда көп табыс табатын әйелдерге ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазір қоғамда ақшаны, дүниені күйеуінен көп табатын әйелдер кездесіп жатыр, төңірегімізде бар. Бұл жерде де нәзік мәселелер бар. Ол да бір Алланың сынағы ғой. Сіз ақшаны күйеуіңізден көп тапсаңыз, күйеуіңізге қандай қарым-қатынас жасайсыз? Оны төмен қарай езіп жібереміз бе, әлде ортақ дүние ретінде пайдаланып күйеуіңізбен ортадағы махаббатты күшейтесіз бе? Мысалы, Пайғамбарымыздың бірінші әйелі Хатиджа анамыз күйеуінен көп тапты. Бірақ “мен көп таптым” деген жоқ, қайта күйеуінің тұлға болуына, жұртқа дінін жеткізуіне жәрдемдесті. Өзінің малын, дүниесін күйеуінің қоғамның алдындағы жұмысына жұмсады. Тарихты қарасаң кемел 4 әйел бар. Ертең жәннатта бүкіл әйелдерден биік тұрады. Соның бірі Хатиджа анамыз. Неге десеңіз, сол өзінің тапқан дүниесін күйеуімен бөлісу, оның ұлы миссиясының жолында жұмсау арқылы Алланың алдында дәрежесі көтеріліп кетті. Сол сияқты сіз дүниені көп тапсаңыз, ол – тағдырыңыз. Алла әркімге әр қалай береді, бірде еркекке, бірде әйелге береді. Бірақ сіз оны қалай пайдаланасыз, сынақ сонда, – дейді айтыскер ақын.

Алайда бұл жөнінде көпшіліктің ойы екіге бөлінді. Бірі ақынның айтқанын жөн көрсе, енді бірі мұны еркекті жалқаулыққа апарады деп санайды.

“Екі есе, көп тапсам да, ақша ортақ отбасымызға жұмсалады”, “Еркектің тапқаны бәрібір берекелі”, “Жұмыс әстеп, көп ақша табатын әйелді білемін. Ал күйеуі үйде жатып әйеліне дөрекі сөйлейді, ақша талап етеді”, “Көп тауып, ортада жаратып көрдік, жатып алды”, “Табысымыз ортақ”, “Еркек жаман үйреніп алады», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Фото: syrboyi.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button