Әлем

Ел астанасының халықаралық әуежайында жарылыс болды

Судан астанасы Хартумдағы халықаралық әуежайда жарылыс болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Куәгерлер кеше қалада қарулы қақтығыс болғанын хабарлайды. Атыс-шабыстың жарылысқа қатысы бар ма, жоқ па — әзірге белгісіз.

Шығыс Африкадағы бұл мемлекетте биыл сәуірден бері жағдай тыныш болмай тұр. Ол кезде ел әскері мен жедел әрекет ету күштері арасында қарулы қақтығыс басталған.

БҰҰ-ның мәліметінше, шиеленістен кемі 4 мың адам көз жұмған. Бірақ жергілікті дәрігерлер құрбандар саны әлдеқайда көп екенін айтады. Бұдан бөлек бір миллионнан астам адам үй-жайын тастап, Мысыр, Чад, Оңтүстік Судан, Эфиопия мен Орталық Африка Республикасына бас саулаған. Атыс-шабыс салдарынан гуманитарық дағдарыс ушығып кетті.

Осылайша бүгінде жүздеген аурухана жұмыс істемей тұр. Азық-түлік тапшы. Су мен жарықсыз отырғандар да көп.

Елде қызылша, безгек секілді ауруларды жұқтыру деректері тіркеліп жатыр. Ауруханалардың көбі жұмыс істемейді. Өзге мемлекеттерге кетіп қалғандарды айтпағанның өзінде, ел ішінде миллиондаған адам босып жүр. Оңтүстік өңірлерде гуманитарлық ұйымдардың кеңселері тоналған. Мыңдаған адам тойып тамақ ішпейді. Аштыққа денсаулық сақтау саласындағы проблемалар қосылып, жағдай тіптен ушығып барады, — дейді БҰҰ өкілі Йенс Ларке.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button