Әлем

Путин президенттік сайлауға үміткер болып тіркелді

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 11:23-те Ресей Федерациясының Президенттігіне 1952 жылы туған Владимир Владимирович Путин кандидаты тіркелсін, – делінген ОСК отырысында қабылданған қаулыда.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы тағы 198 адамды Путиннің сенімді өкілі ретінде бірауыздан бекітті.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының сегізінші президентін сайлау 2024 жылдың 15 наурызы мен 17 наурызы аралығында өтеді.

Фото: gordost-naroda.ru

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button