Қоғам

Шетелдік алаяқтарға көмектескен қазақстандық ұсталды – ҰҚК (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз трафик және телефон байланысын ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Тергеу болжамы бойынша, күдікті шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға соғылған қоңырауды жасыруға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен.

Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған. Сол арқылы күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдаланып, республика тұрғындарын алдаған, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Айта кететіні, тек соңғы 3 жылда 43 млрд теңге шамасында залал келтірген 59 мың интернет-алаяқтық фактілері тіркелген.

Фото: ҰҚК

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button