Қоғам

2024 жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болады?

2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін артты.

Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7% болады, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы 9%-ға артты, – деді Светлана Жақыпова.

Министр сондай-ақ зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болатынын айтты.

Еске салсақ, 2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңге болған еді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button