Спорт

Антикор Туризм және спорт министрлігінің жұмысын тексеруге кірісті

Антикордан мәлім еткендей, ведомствоны тексеру барысында спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенеді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқаны туралы айтылды.

Туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалады.

Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенеді, – деп хабарлады ведомстводан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.

Еске салсақ, Туризм және спорт министрі қызметін Ермек Маржықпаев басқарады.

Коллаж: ulysmedia.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button