Демалыс

Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады?

2024 жылы қаңтар айында қазақстандықтар жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.

Ал аптасына 6 күн еңбек ететіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді.

Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі, жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.

Биыл, әсіресе, көптеген мереке күндері жұма күніне түсетіндіктен, қатарынан үш күн демалу мүмкіндігі көп.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button