Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министр 2024 жылы ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленетінін айтты.
Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, ЕТЖ Қазақстанда қандай өнімділік, орташа жалақы қандай болатынына байланысты болады, — деді Жақыпова.
Бұл жұмыс орындалды, республикалық бюджет туралы заңда қаражат көзделген және келесі жылдан бастап ЕТЖ 85 мың болады. Келесі жылы оны әзірлеп, соған сәйкес бірге талқылаймыз. Әзірлеуге серіктестеріміз де қатысады — бұл жұмыс берушілер қауымдастығы, кәсіподақтар, қызметкерлердің өздері, — деп түйіндеді ол.
Фото: ortcom.kz