Экономика

Қолма-қол төлем қабылдап жатқан сатушыларға айыппұл салынады

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартудың заңсыз екенін ескертті6 деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Мысалы, елімізде былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өскен (2022 жылы – 82%).

Қазір 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланатынын ескерген жөн. Ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген.

Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап). Кәсіпкерлерге төлем карточкалары арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 194-бабы). Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңыз қажет, – делінген ақпаратта.

Сонымен бірге аталған комитет Салық кодексі микро және шағын бизнес субъектілеріне оңайлатылған салық салу жағдайы жасалғанын баса айтады. Атап айтқанда, салық мөлшерлемелері – қызмет түріне байланысты 1%-дан 4%-ға дейін.

Кәсіпкер өзіне ыңғайлы салық режимін таңдай алады:

  • патент (салық мөлшерлемесі – 1%);
  • оңайлатылған декларация (салық мөлшерлемесі – 3%);
  • бөлшек салық режимі (салық мөлшерлемесі – 4%).

Сондай-ақ комитет тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға түбіртек беруге міндетті екенін еске салады.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде кәсіпкерлердің жаппай мобильді аударыммен төлем қабылдаудан бас тартып жатқаны туралы жазылған болатын.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button