Қоғам

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі тарих кітаптарын қайта жазуды ұсынды

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында тарих оқулықтарын қайта жазуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол өз сөзінде Түркі академиясы Жошы Ұлысы туралы зерттеулер жүргізіп, экспедициялар ұйымдастырып, ЮНЕСКО-да кездесулер өткізгенін атап өтті.

Қазақстанның көп томдық тарихы биыл аяқталады деп үміттенеміз. Жошы ұлысына қатысты да тың деректер көрсетіледі. Осы көп томдық кітап негізінде мектеп оқулықтарын қайта жазған жөн, Жошы қазақ хандарының арғы атасы болып табылады. Мысалы, 6-7 сынып оқулығында бір абзац Моғолстан мемлекетіне арналған. 10-сынып оқулығында 4-5 жол ғана бар. Атақты Талас құрылтайы өткен ұлы Моғолстан жерінде Қазақ хандығы құрылғаны белгілі. Ендеше, бұл пәнді әдістемелік бірізділікке келтіріп, мемлекеттігіміздің қалыптасуын зерттеуге басымдық беру керек, – деді Дархан Қыдырәлі.

Сенатор 2024 жылы Ұлттық Құрылтайдың ұлы Ұлыстың астанасы – Сарайшықтан алыс емес Атырауда өтуі кездейсоқ емес екенін айтты.

Сондай-ақ Жошы Ұлысына іргелі зерттеулер жүргізу, Ұлытауда жыраулар мен бауырлас елдер басқосуларының арнайы мұражайын құру, «Идеге» байқауын өткізу, Ұлытаудағы мемориалдық кешендерді ЮНЕСКО мемориалдық мұралар тізіміне енгізу, Дүниежүзілік көшпенділер тізіміне енгізу де маңызды. Елімізде өтіп жатқан ойындар – бұл Жошыны насихаттауға тамаша мүмкіндік. Бұл қызметтің барлығы Ұлы дала өркениетін зерделеу, насихаттау арқылы тарихи сананы қалыптастыруға оң ықпалын тигізері анық, – деді Сенат депутаты.

Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button