Саясат
Жоғарғы соттың бірнеше судьясы қызметінен босатылды
Сенат депутаттары Президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қызметінен босатылған судьялар – Альфия Савинова, Айгүл Сапарова, Ақылтай Қасымов пен Ербол Исмаилов. Қаулыға сәйкес, Савинова мен Сапарова зейнет жасына жетсе, Қасымов судья қызметіндегі шекті жас – 67-ге келді. Ал Исмаилов басқа қызметке тағайындалды. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың сотында судья қызметін атқарады.
Сенаторлар қаулыны бірауыздан қабылдады.
Айта кетейік, заң бойынша Президент Жоғарғы сот судьяларын Сенат арқылы қызметінен босатады.
Фото: Sputnik.kz