Тоқаев алматылықтардан сабыр сақтауды сұрады
Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сөзін жалғастыра отырып, Президент қала тұрғындарын биліктің назарында деп сендірді.
Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда Алматыға жұмыс сапарымен келді. Келесі күні футбол орталығында болып, қаладағы су құбырларының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Фото: sportishka.com