Елорда

Астанада жиһаз цехі өртеніп жатыр

Астанада жиһаз цехі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бүгін сағат 8:44 минутта елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары деңгейі бойынша ғимараттың жануы бойынша Көктал, 28 мекенжайына барды.

Өрт сөндірушілердің алдын ала берген ақпараты бойынша, 500 шаршы метр аумақта жиһаз жасайтын цехтың өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру штабы құрылды.

Қазір өртті сөндіру жұмыстарына Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 54 адамы мен 12 техникасы, сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button