Саясат

Сербия Президенті Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button