Әр түрлі

45 градус аяз: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 22 ақпан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында — жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында — тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында 27 градус қатты аяз сақталады.

Фото: Tengrinews.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button