Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді
Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Сот кабинетіндегі деректерге сүйенсек, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ — «іс жариялауға жабық» делінген.
2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатты соққының салдарынан әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.
Іс бойынша күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған екі бап бойынша айып тағылды:
110-баптың 2-бөлігі – «Азаптау»;
99-баптың 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру».
Экс-министрдің туысы Гастроцентр директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – «Жасыру» және ҚР ҚК 434-бабы – «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша тергеу аяқталды.
Фото: kursiv.media