Оқиға

Алматыда автобус өртенді

Алматылық құтқарушылар автобусты шарпыған өртті жойды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бүгін сағат 11:45-те Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу шағын ауданында автобустың жанып жатқаны туралы хабарламаға шықты. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 11:53-те жеткен. Автобус салонында жолаушылар болған жоқ.

Өрт 10 шаршы метр аумақта 12:00-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button