Әлем

Израиль Рамазан айында атысты тоқтатуға келісті – Байден

Израиль Рамазан айында Газа секторына шабуыл жасауды тоқтатуға келісті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Мұны АҚШ президенті Джо Байден Американың «Эн-би-си» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Және де ол ымыраның келесі аптада күшіне енетініне үміт білдірді. Хамас болса, бұл идеяны қарастырып жатқанын айтты.

Уақытша бітім қабылданатын болса, тараптар ең алдымен тұтқын алмасуы мүмкін. Сонымен қатар, хамастықтар атысты доғару жайлы пәтуаға Газаға гуманитарлық көмек кіргізу мәселесін қосуды талап етіп отыр.

Аймақта соғыс қазанның 7-де Хамас Израилдьдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, жүздеген тұрғынды кепілдікке алғаннан кейін басталды. Бүгінге дейін 30 мыңдай бейбіт палестиналық мерт болған.

Фото: REUTERS/Leah Millis

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button