Оқиға
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті (ВИДЕО)

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде әкімдік ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Петропавлньюс порталына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр, — делінген хабарламада.
Воскресеновка ауылдық әкімдігінде болған өрт салдарынан елді мекен толығымен жарықсыз қалды.
Өрт 12 желтоқсанға қараған түні болған.
Фото: видеодан кадр