Қоғам

Қазақстанға гүлдер қай елдерден келеді

Санаулы күндерден соң 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Бұл күні ер азаматтар әйелдер қауымына гүл сыйлайды. Ал бұл гүлдер Қазақстанға қайдан әкелінеді? Бұл сауалдың жауабын Ұлттық статистика бюросының мамандары анықтаған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ұлттық статистика бюросынның Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады.

Ал 2022 жылы гүл импорты 46 млн долларды құраған (6 832 тонна). Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.

2023 жылы ең ірі гүл жеткізушілері:

Эквадор – 4 913 тонна;

Нидерланд – 1 633 тонна;

Кения – 635 тонна;

Колумбия – 488 тонна.

Фото: flora.lugansk.ua

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button