Әр түрлі
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК мамандары елімізде алдағы үш күнде – 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
- республиканың батыс облыстарында 0+8°С,
- солтүстікте -4+1°С,
- оңтүстікте +10+20°С.
Фото: ашық дереккөз