Шоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаева хиджабын шешіп тастап, сахнаға қайта оралды

Жақында ғана өнерді тастап басқа салаға кеттім деген Кәмшат Жолдыбаева жаңа образымен сахнаға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Анна Данченко бөліскен видеода жаңа образдағы Кәмшат Жолдыбаеваны көруге болады. Үнді стилінде киініп, «Пия, пия, сүйіктім» деп айтатын әнін қайта шырқады. Бірақ бұл жолы ашық-шашық киінбеген.

Айта кетейік, былтыр Кәмшат Жолдыбаева өзінен 5 жас кіші Ғазірет Қажымұқанұлы есімді актерге тұрмысқа шыққан. Осыдан кейін оранып, өнерден кететінін мәлім еткен. Нұр-Мүбәрак университетіне барып, араб тілін үйреніп жүргенін жеткізген. Сондай-ақ жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеген. Бұдан былай әншілікті қойып, психология мен йогаға бет бұрғанын жеткізген.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button