Демалыс

Шаштараз бен сұлулық салон қызметі 15%-ға қымбаттап кетті

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елімізде шаштараз және сұлулық салон қызметі 62,3 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Finprom.kz сайтының жазуынша, бұл — өткен жылмен салыстырғанде 80,2%-ға артық.

Ең көп алматылықтар сұлулық салонына барады екен. Жылдық өсім – 2,9 есеге өскен (19,5 млрд теңге). Одан кейін Астана (12,6 млрд теңге), үздік үштікте Қарағанды ​​облысы да бар (6,4 млрд теңге).

Ал ең аз қызмет Түркістан (389,8 млн теңге), Алматы (528,7 млн теңге) және Ұлытау (555,6 млн теңге) облыстарында көрсетілген.

Бағаға келетін болсақ, 2024 жылдың қаңтарында шаштараз бен сұлулық салон бағасы өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 14,5%-ға қымбаттады.

Бағаның ең көп Шымкент өскен (22,5%). Одан кейін Алматы (22,1%) және Абай (21,9%) облыстары бар.

Бір жылда педикюр бағасы 10%-ға, маникюр 16,4%-ға, эпиляция 7,5%-ға қамбаттады. Әйелдердің шаш қиюы 18%-ға, ерлердікі 14,3%-ға қымбаттады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button