Оқиға

«20 тонна астық болған»: ШҚО-да элеватор өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы элеватор өртенді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Оқиға 8 наурызда болған. Элеватордың кептіру бөлігі өртенген. Ведомство таңғы сағат 6:30-да мәлімет берді.

Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған. Элеватордың шамамен 250 шаршы метр аумағы өртенген, – делінген хабарламада.

Ал таңертең сағат 10:30-дағы ақпаратта кептіргіште шамамен 10 тонна астық болғаны айтылды.

Өрттің ауданы – 120 шаршы метр. Сағат 10:11-де өрт оқшауланды. Оны сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам, 10 техника, 1 өрт сөндіру пойызы (құрамында 7 адам), «Васкен» ЖШС жеке құрамынан 6 адам және 1 техника, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің өкілі жұмылдырылды, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Фото: ШҚО ТЖД

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button