Елорда

342,8 млн теңге тәркіленді: Елорда тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастаған

Елордада тұрғыны криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастаған қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

Прокурордың талабымен сотталған адамнан заңсыз тапқан 342,8 млн. теңге сомасындағы қаржысы мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: Shutterstock

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button