Қоғам

«Біздің күшіміз – бірлікте!»: ҚазҰУ еріктілері гуманитарлық көмек жинауды бастады

2024 жылдың  11 сәуір күні Заң факультетінің оқытушылары елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жолдады. Апаттың айтып келмейтіні анық. Табиғатқа қарсы тұрар күш жоқ. Оны болжап білу де мүмкін емес. Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазіргі таңда тиісті мекемелер өңірдегі су қоймаларының жағдайын қатаң бақылауға алып жатыр.

Айта кету керек, елімізде қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты қазіргі уақытта ҚазҰУ қалашығы, Технопарк аймағының, 1-қабатында табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен қала тұрғындары үшін арнайы гуманитарлық пункті ашылды, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында студенттер, волонтерлер,  қала тұрғындары халыққа қажетті заттарды алып келіп, өткізе алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеуінде: «Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетіледі. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайды. Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын. Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Біз біргеміз!» – деген болатын.

Бірлік бар жерде – береке бар! Төтеннен келген апаттан зардап шеккендерге бір Алла жар болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Р. ТҰРЫСБЕК,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Заң факультеті,

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс

және криминалистика кафедрасының оқытушысы.

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button