Аймақ

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Шымкент қаласына барды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Шымкент қаласына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты — жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.

Қалада жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 800-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – “Нұр-Мұбарак” Египет ислам мәдениеті университеті оқытушысы, PhD доктор, Сабырұлы Әбілхайыр — Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог,Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы – Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, Тілләбек Саян Аднабекұлы- Шымкент қаласы«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкері,  Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы -Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшы орынбасары, психолог, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласы аумағында мектеп, колледж және жоғары оқу орындары базасында болды. Олар жастар арасында «Интернет кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Ислам дініндегі тағаттылық пен зайырлылық ұғымы», «Дін – тәрбиенің рухани тірегі», «Конфессияаралық ынтымақтастықта зайырлы қоғамның маңыздылығы»және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары, колледж студенттеріжәне т.б. топтар қамтылды.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button