Денсаулық

Түркістан облысында 19 жастағы бойжеткен анасына бауырын берді

Түркістан облысында алғаш рет бауыр алмастыру отасы жасалды. 19 жастағы бойжеткен анасына ағзасының бір бөлігін беріп, оны аман алып қалған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы «Время» басылымы жазды.

Донор мен реципиент дәрігерлердің бақылауында

Түркістанда 48 жастағы Ульяна Нұрметованың 2019 жылдан бері бауыры ауырып келген. Тіпті дерті циррозға дейін жеткен. Әйелдің жағдайы ауыр болды, оған тек трансплантация көмектеседі деген. Қуанышқа орай донор өз отбасынан табылған. Қызы Эльвираның ағзасы анасыныкімен сәйкес келген. Бойжеткен бір секундқа да ойланбай, анасына донор боламын деп шешкен.

Ота төрт сағатқа созылыпты. Мамандардың айтуынша, донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты, екеуі де бақылауда және реабилитациядан өтіп жатыр.

Облыста қанша адам донор кезегінде тұр

Біз үшін бұл — өңірлік медицинаның дамуының жаңа жолы. Қазір бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біздің тұрғын үшін ота тегін жүргізіледі, – деді облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдабеков.

Айта кетейік, Түркістан облысында 117 адам бүйрек немесе бауыр донорына кезекте тұр.

Фото: Freepik.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button