Үкімет
АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын болды

Атом электр стансасы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады. Бүгіннен бастап Премьер-министрдің қаулысы ресми күшіне енді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген Олжас Бектеновтың қаулысында.
Еске салсақ, Үкімет басшысы қаулыға 2024 жылы 30 желтоқсанда қол қойған еді.
Фото: Gov.kz